Әжем үйреткен...
Ұлттың ұлт болып ұйысуы қашан да оның тілі мен ділінің, салт-дәстүрінің бекемдігіне байланысты. Осы құндылықтарды қалыптастырып, негіздеуші рухани бастаулар отбасылық тәрбиеде жатыр. Отбасылық тәрбие адам өміріне әсер етіп қана қоймай, дүниетанымын да қалыптастырады. Өнегелі шаңырақтан шыққан жанның қоғамдағы орны да биікте болмақ. Осы ретте отбасындағы ата мен әженің ролі ерекше. Өйткені, бала да, немере-шөбере де алдымен ата-анасының, сосын атасы мен әжесінің қас-қабағына қарап өседі.